«Жасөспірім және қылмыс»

«Жасөспірім және қылмыс» тақырыбы-  бүгінгі таңның өзекті тақырыптарының бірі, өкінішке орай, жасөспірімдердің барлығы қылмысқа итермелейтін әрекеттердің қаншалықты ауыр жағдайға алып келетінін толықтай сезіне алмайтындығынан болар. Осындай жағдайларды болдырмау үшін бүгін,  24.01.2019 ж.,  «Тайынша қаласының № 4   орта мектебінде»КММ 7-10 сыныптардың оқушыларының арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы Бейсенбаев Канат Тлеугабыловичпен кездесу өтті, бұл кездесуде жасөспірімдер өміріне байланысты түрлі мысалдар арқылы  қылмысты болдырмау, болған жағдайда жаза қолдану шаралары, қылмыстың алдын алу шаралары, әр жас жеткіншектің  өз әрекеттеріне сай жауапкершілігіжайлы,сондай-ақ  түрлі жағдаяттарда өзін қалай ұстау қажеттігі жайлы әңгіме –сұхбат өткізілді.